Ташкентте Еуропаның экономикалық күндері басталды

    Үстіміздегі жылдың 6 ноябрінде Ташкентте EUROUZ Еуропа-Өзбекстан экономикалық ынтымақтастық ассоциациясының ұйымдастыруымен 2024 жылғы Еуропа экономикалық күндердің ашылу салтанаты өтті.

    Ынтымақтастық қарым-қатынастарын нығайту, жаңа іскерлік мүмкіндіктер жарату және экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында ұйымдастырылған бұл шараның ашылу салтанатына Өзбекстан мен Еуропа Одағының 300-ден астам үкіметі мен іскер топтарының өкілі қатысты.

    Шарада ең алдымен Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзияевтың форум қатысушыларына жолдауы оқылды. Онда Мемлекет басшысы алғаш рет өткізіліп отырған бұл конференцияның Еуропамен өзара сауда-экономикалық, инвестициялық және кооперациялық байланыстарды одан әрі нығайтуға зор үлес қосатынын, мемлекеттеріміз арасындағы бар әлеуетті жүзеге шығаруға қызмет ететініне сенім білдірді.

    Атап өткендей, бүгінде Өзбекстанда Еуропа капиталының қатысуымен 1000-ға жуық кәсіпорын жұмыс істеуде. Оларға электротехника, машина жасау, химия, тау-кен металлургия, энергетика, ауыл шаруашылығы, тоқымашылық өндірісі, туризм және басқа да салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдайлар жасалуда.

    Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Леен қатысушыларға жолдаған бейнеүндеуінде Өзбекстанның әлемдік сауда мен инвестициядағы рөлі артқанын, сондай-ақ өлкеміздің маңызды геосаяси орны мен ынтымақтастық үшін үлкен әлеуеті бар екенін айтты.

    ЕО-ның ақпараттық технологиялары, пайдалы қазбаларды қазып алу және қайта өңдеу салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігі айтылды. Бұл өз кезегінде, жаңа кәсіпорындар, жұмыс орындарын ашуға, бірге жаңа көлік-логистикалық дәліздерді құруға мүмкіндік береді.

    Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов бірқатар маңызды көрсеткіштерді, сондай-ақ Еуропа Одағы компанияларымен жалпы құны 30 миллиард доллардан астам бірлескен жобаларды Еуропа Одағының 320-дан астам өкілдерінің қатысқанын тілге тиек етті.

    Қатысушылар назарына еліміздегі инвестициялық және кәсіпкерлік ортаны жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, сауда көлемін арттыру, трансшекаралық көлік дәліздерін дамыту, электроника, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, фармацевтика және химия өнеркәсібінде жаңа бизнес-бастамаларды қалыптастыру бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі айқындалды.

    Өз кезегінде, ЕО-ның Өзбекстандағы елшісі Тоиво Клаар елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың нәтижелерін, экономиканың ашықтығы мен инвесторларға жасалған қолайлы жағдайларды жоғары бағалап, Еурпа Одағы компанияларын еліміздің экономикасының түрлі салаларындағы бірлескен жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

    Шара қорытындысы бойынша Еуропа Одағы мен Өзбекстан Республикасы арасында «Шикізаттың қосылған құнын жаратудың тұрақты тізбектері саласындағы стратегиялық серіктестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыруда «Жол картасына» қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates