Ташкентте жылу мен ыстық су тарифтері көтеріледі

    Ташкент қаласында жылумен қамтамасыз ету қызметтері үшін реттелетін бағалары қайта қаралып, ыстық су мен жылумен қамтамасыз ету тарифтері 15 пайызға көтеріледі.

    Бұл туралы халық депутаттары астана кеңесінің осы ұсынысты мақұлдаған 12 сентябрьдегі қаулысында көтсетілген.

    Оған орай, Veolia Energy-дің ұсынған құжаттарға сәйкес, халықты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етудің жаңа бөлшек сауда тарифі 15 пайызға өсіп, халық үшін 105 754 сум/Гкал орнына 121 617 сум, ал басқа көтерме ұйымдары үшін бір Гкал үшін — 244 497 сум (ҚҚС-сыз) етіп белгіленеді.

    Осы жылдың февраль айында «Veolia Energy Tashkent» компаниясы кеңеске Ташкент қаласы тұрғындарына ыстық сумен және жылумен қамту тарифін 15 пайызға көтеру туралы ұсыныс енгізген. Кәсіпорын басшысының айтуынша, қала тұрғындары базалық тарифтің 14 пайызын ғана төлейтінін, ал қалғаны қалалық бюджеттен берілетін субсидия есебінен қамтылады.

    Бұл электр энергиясы, газ, ауызсу және канализация қызметтеріне, сондай-ақ жылу өндіруші кәсіпорындар үшін сатып алынатын жылу энергиясы бағасының өсуіне байланысты екені көрсетілген.

    Еске саламыз; тұрғындарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету қызметтерінің бағасы соңғы рет 2024 жылдың 2 апрелінде, жылу маусымы аяқталғаннан кейін бір күннен кейін 15%-ға көтерілген.