Біріккен Араб Әмірліктерінің «Abu Dhabi Sustainable Water Solutions» (SWS) компаниясы, Инвестициялар және сауда министрлігі, сондай-ақ «Узсувтаъминот» АҚ басшылығы заманауи ағынды суларды тазарту нысанын құру бойынша алғашқы келісімге қол қойды.
Нысан Ташкент облысының Құйышыршық ауданында құрылуы жоспарланып, тәулігіне 1 миллион м³ ағынды суды тазартады. Бұдан тыс 42 километрлік ағынды су коллекторлары да құрылады.
Жобаны «Abu Dhabi Sustainable Water Solutions» (SWS) және оның технологиялық серіктестері ретінде таңдалған SUEZ (Франция) және Марубени (Жапония) консорциумы жүзеге асырады.
Жобаның артықшылығы – заманауи технологияларды енгізу нәтижесінде ағынды суларды тазарту процесінің тиімділігі артып, ресурстарды үнемді пайдалану қамтамасыз етіледі. Яғни, 10 миллион киловатттан астам электр энергиясын үнемдеуге негіз жасалады. Сондай-ақ бұл жоба техникалық инфрақұрылымды дамытып қана қоймай, тіпті Ташкент қаласының Сіргелі, Бектемір және Янгихаят аудандарының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайын жақсартады.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 1,5 миллионға жуық тұрғынның ағынды сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, 500 мыңнан астам тұрғын мен жүзден астам кәсіпорын-ұйымдар орталықтандырылған ағынды сумен қамтамасыз етілетінін айтып өткен жөн.
Мәлімет ретінде келтірсек: «Abu Dhabi Sustainable Water Solutions» (SWS) Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ағынды суларды жинау, тазарту және қайта пайдаланудың бірегей ұйымдастырушысы болып табылады.
200-ден астам сорғы станциялары мен 42 тазарту станциялары қолдайтын 12 000 км қашықтықтағы кең желі арқылы компания күн сайын 1 341 000 м³-ден астам ағынды суды жинайды.