Ташкент облысында арабтармен бірлесіп кәріз суларды тазарту кешені салынады

    Бірінші кезең аяқталғаннан соң 400 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған кәріз су қызметімен қамтылады.

    Елордамыздағы «Hyatt Regency» қонақүйінде «Узсувтаминот» АҚ мен Біріккен Араб Әмірліктерінің “Abu Dhabi Sewerage Services” (ADSSC) компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

    Оған сәйкес, «Ташкент қаласының кәріз су жүйесін жақсарту» жобасын жүзеге асыру жоспарланып, жоба аясында Ташкент облысының Төменгі Шыршық ауданы «Сұрум» МАЖ аумағында тәулігіне 1 миллион текше метрден асатын заманауи кәріз суларды тазарту кешені салынады.

    Бұл 3-кәріз су сорғыш станциясы «Бектемір» және «Бинокор» кәріз суды тазарту кешендеріне келетін кәріз суларды ағынды түрде кешенге қабылдауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде тәулігіне жалпы 55,4 кВт электр энергиясы үнемделеді.

    Жаңа кәріз су нысанының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін Сіргелі, Бектемір және Янгихаят аудандарының 400 мыңнан астам тұрғыны, кәсіпорындар мен ұйымдар орталықтандырылған кәріз сумен қамтылады.

    Көңіл бөлетін жайт, жобаның жүзеге асырылуы осы аудандардағы санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды одан әрі жақсартуға әкеледі.

    Ақпарат үшін, “Abu Dhabi Sewerage Services” компаниясы 2005 жылы Абу-Даби әмірлігіндегі барлық тұрғын үйлер мен елді мекендерден кәріз суларды жинау және тазарту, сондай-ақ тұрмыстық қатты және сұйық қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату мақсатында құрылған.

    2010 жылы ADSSC «ISO 9001», «ISO 14001» және «ОХСАС 18001» халықаралық сертификаттарын алды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates