Ташкентте орнатылған медициналық контейнерлердің қандай мақсатта пайдаланылатыны белгілі болды

    Денсаулық 26 Yanvar 2023 1427

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметі толық ақпарат берді.

    Әлеуметтік желілерде Ташкент қаласында орнатылатын медициналық контейнерлерге қатысты сыни пікірлер жарияланды.

    Онда айтылғандай, Ташкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Б.Рахмоновтың қаулысына сәйкес, астанадағы 40 махаллаға орналастылған контейнерлерде медициналық пункттері ұйымдастырылуы белгіленген. Осы мақсатқа 900 миллион сум қаржы бөлінеді. Жыл ішінде қала бойынша жалпы 170 контейнер орнату жоспарлануда.

    Бұл мекемелер барлық қажетті дәрі-дәрмекпен, қажетті медициналық құралдармен, сондай-ақ ЭКГ және 18 түрлі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Таңертең сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жалпы істейтін екі орынды “шағын емхана” жалпы практикалық дәрігер мен 2 медбике тұрғындарға мобильді медициналық қызмет көрсетеді.

    Мұндай махалла медициналық пункттері диспансерлік бақылауында тұрған қарттарды, жүкті әйелдер мен балаларды медициналық байқаудан өткізуде отбасылық дәрігерлерге үлкен жеңілдік береді.

    Азаматтардың қарапайым тексеруден өтуде өз аумақтарындағы емханаға қатынауға қажеттілігін қалдырмайды. Өйткені олар астананың халқы тығыз орналасқан көпқабатты үйлердің жанына орнатылады.

    Бұл пункттерді жабдықтау және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету Ташкент қаласының әкімшілігі тарапынан жүзеге асырылады. Сондай-ақ бұл шағын мекемелерге электр және су желілері тартылып, ыстық және суық күндері ауаның қалыпты болуын қамтамасыз ететін құрылғылар орнатылады.

    Бұл медициналық пункттер науқастардың стационарлық емдеуге емес, оларға біріншілікті шұғыл медициналық қызмет көрсетуге арналған. Бөлінген қаржылар шағын «емханадада» дәл жанұялық емханадағыдай жағдайды дайындауға жұмсалады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates