Аптаның екінші күні Қазақстан делегациясы құрамындағы жетекші ғалымдар салаға қатысты ғылыми баяндамалар жасады. Олар Білім беру жүйесіндегі көшбасшылық, әйелдер ғылымындағы инновациялар, заманауи медицинаның болашағы, медицина саласының гуманитарлық сипаты туралы пікір алмасты.
Сондай-ақ, Ташкент мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Шухрат Боймуродов өз сөзінде университеттің ғылыми әлеуеті, студенттерге жасалып жатқан мүмкіндіктер, заманауи зертханалар және жүзеге асырылып жатқан жаңа ғылыми жобалар туралы айтты.Сонымен қатар Қазақстан делегациясын құттықтап, екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастық алдағы уақытта жалғасын тауып, нығаюына сенім білдірді.
Форумның ең қызықты бөлігі — Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Асилбек Худояров пен Қазақстан Республикасының Денсаулықты сақтау министрі Ақмарал Алназарованың университетке ресми сапары болды.
Министрлер жастардың әлеуетін, шығармашылығын және ғылыми көзқарасын жоғары бағалап, олардың қызметі медицина саласында жаңа басқышты бастайтынына сенім білдірді.
"Медицинаның болашағы сенімді қолдарда. Бүгінгі жастар ғылымды, инновацияны, адамгершілікті ұштастыра біледі", - деп айтты Қазақстан Республкасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Алназарова.
Сапар барысында қонақтар университеттің ғылыми, білім беру және клиникалық қызметімен жақынан танысты. Олар заманауи зертханаларды, симуляциялық орталықты және студенттер қатысуындағы оқу үдерістерін көрді. Осы арқылы олар білім берудегі инновациялық тәсілдермен танысты.
Екі министр де университеттің жас ғалымдары ұсынған стартап жобалармен танысты. Жобалар медицинаның түрлі салалары – цифрлық диагностика, биотехнология, хирургиялық технологиялар мен телемедицина салаларын қамтыды.
Сондай-ақ университеттің оқу және клиникалық қызметі туралы толық ақпарат берілді. Сапар барысында екі елдің медициналық университеттері арасындағы ынтымақтастық, жас ғалымдармен алмасу, денсаулық сақтау саласындағы бірлескен ғылыми жобалар мен инновациялық бастамалар талқыланды.
Қонақтар Ташкент мемлекеттік медицина университетінің бай тарихын көрсететін мұражай қызметімен де танысты. Мұражайда 100 жылдан астам медицина тарихы, өзбек дәрігерлерінің ашқан жаңалықтары, ежелгі ғылыми мектептерге қатысты экспонаттар қойылды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Алназарова құрметті қонақтар кітабына жылы лебізін жазып, ТММУ ұжымына ризашылығын білдірді:
«Мұнда ғылым мен адамзат үйлеседі, ТММУ — бүкіл Орталық Азиядағы медицина дамуының жүрегі», - деп атап өтті ол.
Апта барысында екі елдің жастары пікір алмасып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Форумнинг якунловчи қисми илмий музокаралар, фан олимпиадалари ва спорт мусобақаларида ғолиб бўлган ёшларни тақдирлаш маросими билан давом этди.
Форумның қорытынды бөлімі ғылыми пікір таластармен, ғылым олимпиадалары мен спорттық жарыстарда жеңімпаз атанған жастарды марапаттау рәсімімен жалғасты.
Жеңімпаздарды Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Асилбек Худояров пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Алназарова сыйлықтармен марапаттады.
«Бүгінгі жастар бізді шабыттандыруда. Олар білім, мейір және адалдықты біріктіре отырып, медицинаның болашағын құруда», - деді Асилбек Худояров.
Салтанатты шарадан кейін университет ұжымы мен қонақтардың қатысуымен музыкалық-көркем бағдарлама ұсынылды. Ғылым мен достық идеяларын қамтыған шара жоғары рухта аяқталды.
Бұл форум бауырлас екі халықтың медицина саласындағы ынтымақтастығының жаңа кезеңінің бастамасы болды. Ташкент мемлекеттік медицина университетінің сахнасында ғылым мен достық ұштасып, жастар медицина саласының болашағына сенімді көпір болды.
Сапар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы медицина саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, өзара тәжірибе алмасу және жаңа мүмкіндіктер құру жолындағы маңызды қадам болды.
Зулхумор АКБАРОВА