Ташкентте Өзбекстан-Тәжікстан бизнес форумы өтті

    Тәжікстан Республикасы Президентінің Өзбекстан Республикасына сапары қарсаңында Ташкент қаласында екі елдің ресми және іскер топтарының 200-ден астам өкілдерінің басын қосқан Өзбекстан-Тәжікстан бизнес-форумы өтті.

    Форумды Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков пен Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Давлатали Саид ашты.

    Өз сөздерінде екі елдің делегация басшылары экономикалық байланыстарды кеңейту, жоғары технологиялық бірлескен кәсіпорындар құру, сұранысы жоғары өнім өндіру мен болашақ базарларға жеткізіп беру бойынша кооперациялық байланысты жолға қоюдың зор әлеуетін атап өтіп, Өзбекстан мен Тәжікстан іскерлер тобының өкілдерін белсенді әрі нәтижелі ынтымақтастыққа шақырды. Осы орайда екі елдің үкіметтері бірлескен жобаларды жүзеге асыруда кез келген қажетті көмекті көрсетуге дайын екені айтылды.

    Жақын арада өзара сауда-өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мақсатында «Ойбек» және «Фотехобод» бақылау пункттері маңында «Өзбекстан – Тәжікстан» трансшекаралық сауда-өнеркәсіптік аймағын құру жоспарлануда. Онда өндіріс орындары, логистикалық орталықтар мен қажетті инфрақұрылым орналасады.

    Сондай-ақ екі елдің жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісі мен құрылыс материалдары, фармацевтика, электротехника, тау-кен өнеркәсібі және энергетика салаларындағы өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі тереңдету бойынша жұмысты жандандыруға ниетті екені айтылды. Осы орайда жеке сектор жобаларын қолдаудың тиімді құралы ретінде 2021 жылы құрылған Өзбекстан-Тәжікстан инвестициялық компаниясының мүмкіндіктері ерекше атап өтілді.

    Сондай-ақ форумда көлік-логистика, сондай-ақ аймақаралық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жобалар мен бастамалар талқыланды.

    Шара аясында «B2G» және «В2В» форматындағы қатысушылардың мақсатты кездесулері өтті. Форум қорытындысы бойынша 1 062,6 милллион долларды құрайтын 75 сауда-экономикалық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates