Форумның негізгі мақсаты – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің назарын туризмді, мәдениет пен ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту мәселелеріне аудару.

Екі күндік шара бағдарламасы жалпы мәжіліс пен үш панельдік пікірталас, сондай-ақ Ұйымға мүше елдердің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форумды қамтиды.

Панельдік пікірталастарға қатысушылар тарапынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша біріккен жоғары технологиялық жобалар, ауыл шаруашылығы саласында, сонымен қатар азық-түлік өнімдерін өндіруге инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ туризм және көлік логистикасы саласындағы ынтымақтастыққа назар аударылады.

Аймақтар басшылары форумы ШЫҰ-ға мүше елдерге аймақты одан әрі дамытудың болашағы бар бағыттарын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беретін сұхбат платформасы міндетін орындайды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.