«Ташшахартрансхизмат» қоғамы ақпараттық қызметінің басшысы Муслима Обидованың «Дарё» тілшісіне хабарлайынша, автобус қызметінен пайдалануда жас санатын белгілеу бойынша  нақты нұсқаулық белгіленбеген.

«Сырт келбетіне қарап анықтауға нұсқау берілген. Егер қандайда бір түсініспеушілік болса, өзін 30 жасқа толмағанын айтқан болса, билет сатушылар билет үшін ақы алмайды», - дейді Муслима Обидова.

Оның қосымша ретінде, жастарға көрсетілген тегін қызметтер үшін жұмсалған қаражаттар Ташкент қаласының әкімшілігі тарапынан өтеледі.

Жастар автобустардан тегін пайдалану мүмкіндігі туралы 1 июнідегі үкімет мәжілісіндегі мәлімдемесінде қарастырылған. Мұнда жолаушылардың жасы қалай анықталатыны нақтыланбаған.