Жиналыстың күн тәртібінде, Ташкент қаласындағы Пучон университеті филиалының қызметін жетілдіру мәселелері қаралды. Осы тұрғыдан алғанда Өзбекстан тарапы аталған университет негізінде жаңа факультеттерді, соның ішінде балалар тамағын ұйымдастыру факультетін ашу арқылы филиал қызметін кеңейту қажет екені туралы бастама көтерді.
Корей тарапы бұл ұсыныстарды қолдап-қуаттады, бастамаларды жүзеге асыру іс-шараларын әзірлеуге дайын екенін білдірді. Өз кезегінде, қонақтар Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру агенттігінің басшылығын Кореяның Пучон университеті тарапынан қолданылып жатқан онлайн білім берудің цифрлық платформасымен таныстырды, деп хабарлайды Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру агенттігінің баспасөз қызметі.
Тараптар кездесудің күн тәртібі бойынша пікір алмасып, келіссөздерді сындарлы рухта аяқтады.