"Ўзтемирйўлйўловчи" АҚ-ның Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ASU экспресс жүйесіндегі жолаушы пойыздарына билеттер 45 күн бұрын сатыла бастайды.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жолаушылар легі көбейіп, студенттер, Ташкент қаласында жасайтын азаматтар өздерінің елдеріне жетіп бару және мерекені отбасымен тойлау үшін теміржол көлігінен пайдаланады.
Қазіргі таңда «Өзбекстан темір жолдары» АҚ жолаушыларды мереке қарсаңында елдеріне қауіпсіз жеткізу, оларға қолайлылық жарату мақсатында төмендегі бағыттар бойынша қосымша пойыздар қатынауын жоспарлап отыр.
Олар «Ташкент – Үргеніш», «Ташкент – Нөкіс», «Ташкент – Самарқант», «Ташкент – Қаршы» бағыттарында қосымша жолаушылар пойыздары енгізіледі. Бұл туралы қосымша ақпарат беріледі. Айта кететін жайт, 1 күн ішінде студенттер электронды түрде 1000-ға жуық билетті рәсімдеген.
"Жеңілдетілген билеттерді студенттер қазір де электронды түрде сатып ала алады. Қосымша жолаушы пойызға вагондар қосылатын болады. Барлық шараларды "Өзбекстан темір жолдары" АҚ кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жолаушылардан уайымға салынбауын сұраймыз", - делінген хабарламада.