Құжатпен кедергісіз туризм инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттары бегіленді:
- туристік индустриялық нысандар, мәдени ұйымдары мен мәдени мұра нысандары, оның ішінде мұражай, театр және орналастыру құралдарында мүгедектердің еркін жүріп-тұруы үшін қажетті жағдайлар жасау;
- туристік сала субъектілерін, сонымен қатар туроператорлар мен турагенттерді, орналастыру құралдарының иелерін және көлік қызметін көрсететін кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ саяхат кезінде мүгедектігі болған тұлғаларды алып жүретін азаматтарды ынталандыру;
- мүгедекігі болған тұлғалар кедергісіз саяхаттауы үшін республикамызда жасалған мүмкіндіктерді кеңінен насихаттау арқылы олардың хабардар екенін арттыру;
- заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, туризм индустриясы нысандарында мүгедектігі болған тұлғаларға көрсетілетін қызметтің сапасын одан әрі арттыру;
2024 жылдан бастап мүгедектігі болған тұлғалардың мәдени мұра нысандарында кедергісіз жүре алуына пандустар, тұғырлар мен лифттер, сондай-ақ көзі зағип жандарға арналған мәдени мұра нысандарының шағын макеттері орнатылады және олар туралы Брайль әліппесіндегі мәліметтер орналастырылады.
Жыл сайын Мемлекет бюджетінен бөлінетін қаржылар аясында шетел туризм базарларында еліміздің туристік әлеуетін насихаттау үшін бөлінетін қаржылардың 5 пайызға дейінгі бөлігі «Жібек жолы туризм» Ташкент халықаралық жәрмеңкесінде «Өзбекстандағы кедергісіз туризм» экспозициясын ұйымдастыруға бағытталатын болады және басқа шаралар жүзеге асырылады.
2027 жылдың 1 яварына дейін Туризмді қолдап-қуаттау қорының қаржысы есебінен:
- Қарақалпақстан Республикасы, облыстар және Ташкент қаласы мың жуық І және ІІ топ мүгедектігі болған тұлғаларға Өзбекстан бойынша саяхаттау қаражаттарының 50 пайызы, бірақ 500 мың сумнан аспайтын бөлігі;
- есту қабілетінен айырылған мүгедектер үшін сурдогидтерді даярлау курстары бойынша қаражаттардың 50 пайызы өтеледі.
Қонақ үй қызметін көрсететін кәсіпкерлік субъектілері 2024 жылғы 1 апрельден 2026 жылғы 1 апреліне дейін тиісті тоқсанның қорытындысы бойынша Туризмді қолдап-қуаттау қорына өткізілген туристік (қонақ үй) алымдарының соммасы есебінен субсидия бөлінеді.
Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектілері қонақ үйлерінің кемінде үш бөлмесі мүгедектігі болған тұлғалар отыратын арбаларды пайдалануы үшін ыңғайлы жабдықталған, сондай-ақ олардың естуі мен көруі үшін дисплейлер мен дыбыс құрылғылары орнатылғанда, аталған кәсіпкерлік субъектілеріне әрбір арнайы жабдықталған бөлмеге 1 миллионнан 2 миллион сумға дейін субсидия беріледі.
Туризм комитетіне 2024 жылғы 1 апрельге дейін озық шетелдік тәжірибені зерделей отырып, кедергісіз туризмді одан әрі дамытудың тиісті стандарттарын әзірлеу тапсырылды. Мұнда:
- мүгедектігі болған тұлғалар үшін арбалар, балдақтардың болуы;
- қонақүйлерде, туристік базалар мен кешендерде, демалыс үйлері мен аймақтарда, пансионаттарда, мотельдерде, санаторийлерде және басқа да туристік нысандарда мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қосымша жағдай жасау;
- қонақүйлердің кіре берісінде аудио және мәтіндік мәліметтерді ұсыну;
- ыңғайлылықтың басқа да түрлерін ұсыну талабы енгізіледі.
Төмендегілер бекітілді:
- Мүгедектігі болған тұлғалар үшін кедергісіз туризм инфрақұрылымын дамыту және олардың саяхаттауына қолайлы жағдай жасау жөніндегі іс-шаралар бағдарламасы;
- 2024 жылы мәдени мұра нысандарында кедергісіз туризм инфрақұрылымын дамытудың мекендік бағдарламасы;
- 2024 жылы мұражайлар мен концерттік-тамаша нысандарында кедергісіз туризм инфрақұрылымын дамытудың мекендік бағдарламасы.
Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланды және 2024 жылғы 18 январьдан күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".