Кездесуде бірлескен жобаларды іске асыру нәтижелері мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жоспарларына назар аударылды.
Атап айтқанда, ынтымақтастықтағы іс-әрекеттер нәтижелілігінің жарқын мысалы ретінде Самарқант облысының Нұрабат ауданында 2022 жылдың апрель айында 100 МВт қуатқа ие фотоэлектр станциясы сәтті іске қосылғаны айтылды. «Total Eren» компаниясы жаңа ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы Өзбекстандағы қызметін кеңейтуді көздеп отырғанын тілге тиек етті. Осы тұрғыдан, тараптар елімізге жаңа фотоэлектр станцияларын салу мүмкіндіктерін талқылады.
Анықтама үшін: «Total Eren» қайта тіктелетін энергия көздеріне негізделген электр станцияларын салуға, жобалауға, қаржыландыруға және пайдалануға мамандандырылған. Компания әлемнің 22 елінде жұмыс істейді. Жалпы «Total Eren» тарапынан іске қосылған нысандар мен жобаланып жатқан энергия өндіруші кәсіпорындардың жалпы қуаты 4 ГВт-тан асады, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.