Бұл туралы Ұлыбританияның апталық The Mail on Sunday газеті дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Трамптың Гренландияны «стратегиялық орналасуы мен минералдық байлықтары» үшін аннексиялауды көздеп отырғаны айтылған. Ол бұған дейін де Гренландияның АҚШ-қа қосылуы қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Алғашқы президенттік мерзімі кезінде Трамп Гренландияны сатып алуды ұсынған, ал 2025 жылдың мартында оның аннексиялануы мүмкін екеніне сенім білдірген. Дания Премьер-министрі Метте Фредериксен бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып, арал корольдіктің бір бөлігі екенін айтуда.
Гренландия — Данияның автономды аумағы. 1951 жылы Вашингтон мен Копенгаген НАТО аясындағы одақтастық міндеттемелерден бөлек, Гренландияны қорғау туралы шартқа қол қойған. Осыған орай, АҚШ аралды потенцалды агрессиядан қорғауға міндетті, деп хабарлады tass.ru.