Құжатпен Транспорт министрлігінің автомобиль транспорты саласындағы табыстылығы төмен мемлекеттің қатысуындағы кәсіпорындарды жеке секторға инвестициялау және әлеуметтік міндеттемелерді қабылдау шартымен ашық аукциондар арқылы сатуды көздеуде.

 «Электрондық аукцион» электрондық сауда алаңында сатылатын кәсіпорындардың тізімі бекітілді, олар үшін төмендегі инвестициялық және әлеуметтік міндеттемелер белгіленген:

- жұмыс қызметін кемінде 5 жыл қоғамдық транспорт саласында жүзеге асыру және ең алдымен ауылдық елді мекендерді аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын аумақтарда қызмет атқару;

- бір жыл ішінде қызметіне заманалық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (GPS құрылғылары, электронды төлем жүйелері) енгізу.

Мемлекеттік активтерді басқару агенттігіне инвесторлармен тиісті келісімшарттар жасап және қабылданған инвестициялық және әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

 Құжат Заң құжаттары мәліметтері ұлттық базасында жарияланды және 03.01.2022 жылдан күшіне енеді.