Тұрғындарды жұмыспен қамту жағдайы қалай?

    Үстіміздегі жылдың 4 айында 62 мың жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған азаматтар еңбек базарына қажеттілігін ескеріп кәсіп-өнерге оқытылды.

    Соңғы жылдары елімізде тұрғындарды жұмыспен қамту, табысы аз жанұяларды еңбекке жұмылдыруда қолайлы жағдайларды жарату, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу барысында жүйелі істер атқарылуда. Бүгінде елімізде 14 “Жұмысқа, мархабат” моноорталығы, 30 кәсіп-өнерге оқыту орталығы, 136 махалла тұрғындарын кәсіп-өнерге оқыту орталығы, сондай-ақ Ташкент қаласы аудандарында қысқа мерзімдік кәсіп-өнерге оқыту курстарын ашу үшін кәсіби білім беру мекемелерінің қызметі жолға қойылды.

    Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап моноорталықтар бітірушілердің кәсіби біліктілігін “WorldSkills” халықаралық стандарттары негізінде бағалау, оларға барша мемлекетте мойындалатын Skills паспортының беру жолға қойылды және кәсіби біліктілігі расталған бітірушілердің Бірыңғай реестрі қалыптастырылды. Оқуды бітіргендікті растайтын құжат, сондай-ақ Skills паспорты орта арнаулы, кәсіптік-техникалық білім беру дипломының дәрежесіне теңестірілді.

    Бұл білім беру мекемелерінде үстіміздегі жылдың 4 айы барыснда 62 мыңға жуық жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған азаматтар еңбек базарына қажеттілігін ескеріп кәсіп-өнерге оқытылды.

    Бұдан тыс тиісті министрліктер мен кеңселердің “Жастар және әйелдерді кәсіп-өнерге және кәсіпкерлікке оқыту, сондай-ақ бизнес жобаларын жүзеге асыруға көмектесу іс-шаралары туралы” біріккен қаулысы бекітілді. Аталған құжатқа сәйкес, аудандар мен қалаларда жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған 14 мың жастар мен әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту және бизнес жобаларын жүзеге асыру арқылы жұмысбаспен қамтуға көмектесілді.

    Бүгінде Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы құрамында ресми түрде 31 Күндік еңбек орталықтары жұмыс жүргізуде. Бұл орталықтар тарапынан 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 5,1 мың азаматқа уақытша жұмыс табуға көмектесілді. Уақытша бір реттік жұмыстарға жұмылдыру бюролары арқылы аумақтарда тұрғындар негізінен құрылыс істеріне, тұрғын үй шаруашылығы жұмыстарына, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығына, абаттандыру істеріне, жүк тасу, тағы басқа бағыттағы жұмыстарға жұмылдырылуда.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates