Бұхара, Жызақ, Наманган және Ферғана облыстарында жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі талқыланды

    Ел назарында 21 Iyul 2022 1691

    Үстіміздегі жылдың 21 июлінде Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің кезекті жиналысы өтті. Кеңес жиналысын Сенат Төрайымы Танзила Нарбаева жүргізді.

    Оған сенаторлар, мүдделі министрліктер мен кеңселер, мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

    Жиналыста Олий Мажлис Сенаты жұмысшы тобының ағымдағы жылдың май-июнь айларында Бұхара, Жызақ, Наманган және Ферғана облыстарында жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстардың тиімділігіне қатысты жүргізген зерттеу нәтижелері талқыланды.

    Атап өтілгендей, ағымдағы жылдың 1 майындағы жағдай бойынша еңбек органдарының қолдауымен Бұхара, Жызақ, Наманган және Ферғана облыстарында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында бірқатар оңды жұмыстар атқарылды.

    Атап айтқанда, осы кезеңде 52 200 азамат бос орындарға жұмысқа орналастырылды.

    Өткізілген бос орындар жәрмеңкелерінде 7500-ге жуық жұмыс орындарына жолдама берілді.

    Әлеуметтік қорғауды қажет ететін 2900-ға жуық адам бос жұмыс орындарына орналастырылды.

    Атқарылған жұмыстармен қатар кейбір салалар мен бағыттарда, сондай-ақ өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде бірқатар кемшіліктерге жол берілгені, бар мүмкіндіктер пайдаланылмай жатқаны айтылды.

    Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 27 январьдағы «Қызмет көрсету саласын дамыту бойынша қосымша іс-шаралар туралы» ПҚ-104-санды қаулысында көрсетiлген кейбiр шаралар белгiленген мерзiмде орындалмаған. Атап айтқанда, қаулы қызмет көрсету саласын дамыту арқылы болашақта кепілдік берілген жұмыс орындарын құруды көздейді.

    Бұхара облысының Ғыждуан, Когон аудандары мен Когон қаласының және Жызақ облысының Жызақ қаласы арқылы өтетін халықаралық жолдардың бойында сервистік қызмет көрсету нысандарын құру мақсатында таңдап алынған жер учаскелері әлі ашық электронды аукционға шығарылған жоқ.

    Қаракөл және Ферғана аудандарында және Бұхара қаласында беймемлекеттік жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру мекемелерін құру үшін жер учаскелері белгіленбеген.

    Атап өткендей, қызмет көрсету саласында құрылған жұмыс орындарының басым бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесіне тиеді. Жаңа сауда және қызмет көрсету нысандарында жұмыс орындарының ашылуы Наманган облысында 7 пайыз, Жызақ облысында 12, Бұхара облысында 21 пайызды құрап отыр.

    Қызмет көрсету саласында жаратылған жаңа жұмыс орындары бір мезгілде басқа салалар мен бағыттарда көрініс табуына байланысты есептерде ашылған жұмыс орындарының жалпы саны ұлғайған.

    Атап айтқанда, Бұхара облысында өзін-өзі жұмыспен қамту саласында ашылған 22,4 мың жұмыс орнының 15,5 мыңы ауыл шаруашылығында, 3,0 мыңы туризм және мәдениет саласында қайталанған.

    Есептерде Бұхара облысындағы жұмыспен қамтылғандар саны негізсіз ұлғайтылғаны сынға алынды.

    Еңбек заңдылығы және қорғау бойынша өткізілген бақылау шараларында Бұхара облысында – 1161, Жызақ облысында – 1401, Наманган облысында – 974, Ферғана облысында – 926 еңбек заңнамасын бұзу фактісі анықталғаны, 1107 мансапты тұлғаға қатысты 2,1 милллиард әкімшілік айыппұл салынғаны айтылды.

    Мәжілісте ауыл шаруашылығы кластерлерінде, фермерлер мен шаруа қожалықтарында құрылған жұмыс орындарын салық есептілігінде тіркеуді ынталандыру тетіктерін енгізу, ауыл шаруашылығына берілген жер учаскелеріндегі шаруа қожалықтарын аукцион арқылы сату арқылы мемлекеттік тіркеуді енгізу, ақылы қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыруға кәсіпкерлік субъектілері мен үкіметтік емес коммерциялық емес ұйымдарды жұмыс беруші ретінде кеңінен тарту сияқты бірқатар міндеттер қойылды.

    Қаралған мәселелер бойынша Сенат Кеңесінің тиісті қаулысы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates