Бұл алып кешен Самарқанд ауданындағы ескек есу каналының бойында салынып жатыр. Жобаның құны 381 миллион долларды құрайды. Дәл қазір мұнда 8 қонақүй, конгресс-холл және «Мәңгілік қала» керуен сарайының құрылысы жүріп жатыр. Қонақ үйлердің екеуі 22 қабаттан тұратын бес жұлдызды, қалғаны төрт жұлдызды болады.

Осында заманауи қызметтерді жолға қою туралы тапсырма берілді.

– Бізде туристер тамашалай алатын нысандар мен ескерткіштер көп. Бірақ қызмет түрі аз, сапасы төмен. Бұл орталықта көпсалалы қызмет құрылуы керек. Туризм саласында оқитын студенттер осында келіп, өндірістік тәжірибеден өтуі керек, – деді Шавкат Мирзияев.

Президент «Мәңгілік қала» керуен сарайында аралады. Бұл жер елдің көне қалаларын еске түсіріп, халқымыздың сәулет дәстүрін, қолданбалы өнерін, ұлттық тағамдарын, көне базарларымыздың келбетін бейнелейді.

– Бұл жерде тарихымыз бен мәдениетіміз көрініс тапқан, адамдар балаларымен келіп тамашалайды. Сондықтан ғимараттардағы әшекейлер, түстердің қалыпты әрі ұлттық құндылығымызға тән болуы керек. Сондай-ақ керуен сарайдың ауласында қолөнер дүкеншелерін ұйымдастыруға болады, – деді Мемлекет басшысы.