Түркияның ең ірі құрылыс компанияларының бірі – “Kalyon Insaat Sanayi Ve Ticaret A.Ş” пен Миграция агенттігі ынтымақтастықты кеңейтеді.
Бұл туралы Министрлер Кабинеті жанындағы Миграция агенттігінің басшылығы мен Түркияның Kalyon Insaat Sanayi Ve Ticaret A.Ş. компаниясының өкілдері кездесуінде айтылды.
Онда екі елдің еңбек миграциясы саласындағы ынтымақтастығын жүйелі түрде жалғастыру, Өзбекстан азаматтарын Түркиядағы ауқымды құрылыс жобаларына жұмысқа тарту мәселелері талқыланды.
Компания Түркияда 1974 жылдан бері құрылыс, энергетика және көлік салаларында табысты жобаларды жүзеге асырып келеді.
Сонымен қатар:
Стамбұл әуежайы;
Босфор астындағы Мармарай теміржол туннелі;
Қарапинар күн электр станциясы осылардың қатарына кіреді.
Бірінші кезеңде 60 жуық жерлесіміз осы жылдың 1 декабрь күні Түркияға ұшады. Келісімге сәйкес, жол шығыны, тұру, үш мезгіл ыстық тамақ және арнайы киім мен қорғаныс құралдары жұмыс берушінің есебінен. Сондай-ақ жақсы жалақы мен еңбек құқықтарына кепілдік берілген.
«Түркияда жұмысқа орналасқан өзбекстандықтардың еңбек қызметін маниторинг жасаймыз және келесі жылдың январь айында 1 350 жуық маманды Түркия базарында жұмыспен қамтамасыз етеміз», - деді Akin Kırchichek, «Kalyon Insaat Sanayi Ve Ticaret A.Ş.» компанияның адам ресурстарын басқару жөніндегі директоры.