Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігі бұл туралы мәлімдеме жасады.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, зымыран Иран аумағынан ұшырылып, Ирак пен Сирияның әуе кеңістігі арқылы өтіп, Түркия аспанына бағытталған. Қауіп Шығыс Жерорта теңізінде орналасқан НАТО-ның әуе және зымыранға қарсы қорғаныс құралдары арқылы дер кезінде анықталып, тоқтатылған.

Министрлік Хатай облысының Дөртйол ауданына түскен оқ-дәрі сынығы зымыран әуеде жойылғаннан кейін әуе қорғаныс жүйесі қолданған тосқауылдаушы оқ-дәрілердің бір бөлігі екенін анықтады.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Түркия Қорғаныс министрлігі Анкара елге қарсы бағытталған кез келген дұшпандық әрекеттерге жауап беру құқығын өзінде сақтап қалатынын атап өтті және тараптарды қақтығыстың одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін қадамдардан бас тартуға шақырды, деп хабарлады report.az.