Былғары аяқ киім өнімдері экспортының көлемі артады

    Бизнес 11 Noyabr 2022 1138

    «Узчармсаноат» бірлестігінде түркиялық инвестор, «Balta Deri Sanayi» компаниясының негізін қалаушы Эрдем Балтамен кездесу өтті.

    «Balta Deri Sanayi» Түркияның Газиантепа қаласында орналасқан. Негізгі қызметі «Nappa» және астарлы былғары өндірісіне мамандандырылған. Компания Өзбекстанмен былғары өңдеудің 1-ші және 2-ші қайта өңделген сатысын, яғни WET-BLUE және KRAST-ті Түркияға экспорттау бойынша ынтымақтастық орнатуды мақсат етеді. Сонымен қатар инвестор былғары-аяқ киім өнеркәсібінің басқа салаларына да қызығушылық танытты.

    Кездесуде түркиялық кәсіпкерге Өзбекстанның былғары-аяқ киім өнеркәсібінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, салаға берілген бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар туралы толық ақпарат берілді. Атап айтқанда, салық және кедендік төлемдерді жеңілдету, мамандандырылған шағын өнеркәсіп аймақтардың республика бойынша бөлінетін несиелік желілері жайлы да айтылды.

    Түркиялық қонақ еліміздегі іскерлік ортамен танысып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарына қызығушылық танытты. Сондай-ақ жиында Өзбекстаннан Түркияға жоғары қосылған құнға ие жартылай дайын былғары және дайын өнімдерді экспорттау, елімізде Өзбекстан-Түркия біріккен кәсіпорнын ашу және басқа да көптеген мәселелер туралы пікір алмасылды.

    Кездесу соңында тараптар түрік кәсіпорнына жартылай дайын мен дайын былғары өнімдерін экспорттауды бастау туралы келісімге келді. Осы мақсатта 2022 жылдың ноябрь-декабрь айларында инвесторлар үшін Өзбекстанның былғары-аяқ киім тігу кәсіпорындарына бизнес-тур ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.