Астанамызда ФИФА қолдауымен және қатысуында түркі тілдес елдердің футбол ассоциациялары басшыларының жиналысы ұйымдастырылды.
Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан және Өзбекстан футбол ұйымдарының басшылары, ОФК және УЕФА өкілдері қатысқан бұл шарада ұлттық және клубтар деңгейінде біріккен халықаралық жарыстар өткізу мүмкіндігі талқыланды. Сондай-ақ, футболды дамыту және бұқараландыру мәселелері қаралды.
Футбол бойынша мамандар, жеттықтырушылар, төрешілер даярлау және өзара тәжірибе алмасу, футбол ассоциациялары арасында жан-жақты ынтымақтастық орнату мәселелеріне айрықша назар аударылды.