Қоғамдық тамақтану орындарының пайда салығының мөлшерлемесі 50 пайызға төмендейді

    «Өзбекстан Республикасы Президентінің кәсіпкерлермен төртінші ашық диалогында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру іс-шаралары туралы» Президенттің Жарлығы (ПФ-132-санды, 30.08.2024 ж.) қабылданды.

    Бұл туралы Әділет министрлігі " rel="noopener noreferrer" target="_blank"> хабарлады.

    Жарлыққа сәйкес, экспорттық операциялар бойынша қосылған құн салығының сомасының орнын өтеуде:

    — салық төлеушілерден Өзбекстан кеден аумағынан өткізу пункітінде орналасқан кеден органының тауарлардың белгіленген мемлекетке жөнелтілгендігін растайтын белгісі қойылған, тауарға қосымша құжаттарды салық органдарына ұсыну талап етілмейді;

    — кеден органдары тарапынан нақты режімде электрондық ақпарат алмасу құралдарында салық органдарына тауарлардың кедендік шекараны кесіп өткені туралы ұсынылған ақпараттар тауарлардың экспорт жасалғандығын растауға негіз болып табылады.

    Егер құрал-жабдықтар және (немесе) қосалқы бөлшектер импортына қатысты шартында оларды жеткізу мерзімі 180 күннен астам белгіленсе, осы операция бойынша активтерді репатриациялау мерзімі ретінде келісімде көрсетілген жеткізіп беру мерзімі мойындалады.

    2025 жылдың 1 январынан бастап 2028 жылдың 1 январына дейін қоғамдық тамақтану орындарының пайда салығының мөлшерлемесі 50 пайызға төмендейді.