«Үргут садоси» газетінің редакциясына әкім неге келді?

    Ел назарында 20 Dekabr 2021 1689

    Үргіт ауданының әкімі Ботир Жабборовтың бастамасымен биылғы жылы «Үргут садоси» газеті редакциясының ғимараты толықтай жөндеуден өтті.

    Әкім өз қарамағындағы басылымның шығуы мен дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бұған редакциядағы қызметкерлерге жасалған қолайлы жағдайлар дәлел.

    Жуырда аудан әкімі Б.Жабборов редакцияда болып, «Үргут садоси» газетінің шығармашылық ұжымымен әңгімелесіп, қарамағындағыларға, олардың жұмыс жағдайын одан әрі жақсарту, жылыту жүйесін заман талабына сай бейімдеу, жазылым бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді. Журналистер компьютермен және басқа да техникалық құралдармен толық жабдықталған жайлы бөлмелерде жұмыс істеу қажеттігін айтты.

    Журналиске қолайлы жағдай жасалса, ол одан да шабыттанады, рахаттанады, тың ойлар туғызады, – дейді аудан әкімі Б.Жабборов. – Біз де бұл жолда сіздермен, шығармашыл қауыммен біргеміз. Ұсыныстарыңыз бен бастамаларыңызды қолдап-қуаттауға және әрине ынтымақтастық жасауға дайынбыз. Ауданымызда әр салада болып жатқан жасампаз өзгерістермен бірге олқылықтарды да осы газеттен оқимыз. Маңыздысы, бұл басылымда үргітіктердің өмірі анық көрсетілген.

    Әкіммен кездесуде редакция жанынан “Үргіт баспасөз үйі”, «Жас журналистер мектебі», «Баспасөзді қолдап-қуаттау қоры» және «Үргіт кітап әлемі» қызметін жолға қою , жас ақын шығармашыларының “Чашмалар” әдеби үйірмелерді одан әрі жандандыру, газет беттерінің мазмұнын байыту туралы пікір бөлісті, деп хабарлайды Өзбекстан Журналистер шығармашылық ұйымы баспасөз қызметі ұйымының Самарқант облысы бөлімі мәліметіне сүйеніп.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates