Үргүтке сирек кездесетін жануар келді

    Жасыл планета 21 Oktabr 2021 1704

    Үстіміздегі жылдың 19 октябрінде Түркістан сілеусіні Зарафшан өзені арқылы Үргүт ауданындағы Рахматабад махалласы аумағына келді.

    Белгілі болғандай, осы маңда орналасқан «OQBUTA GOLD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейтін азаматтар кәсіпорын аумағына келген сирек кездесетін жануарды көрген сөйтіп оны тамақтандырған.

    Сілеусін кетпеген соң, олар Үргүт аудандық орман шаруашылығына және аудандық экология және қоршаған ортаны қорғау инспекциясына жүгінген.

    Жауаптылар бұл жануардың Түркістандық сілеусін екенін білді, деп хабарлайды экологиялық телеграм-каналы.

    Қазіргі уақытта жануар арнайы медициналық тексерістен өтіп жатыр және жақын арада қайтадан табиғатқа жіберіледі.

    Деректерге сүйенсек, бүгінде әлемде 300-ге жуық Түркістандық сілеусін қалды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates