Бүгін Өзбекстан бойынша жауын-шашын күтілмейді, тек Бұхара, Науаи, Самарқант облыстарының кей жерлерінде біраз қар жауу мүмкін, Қашқадария, Сұрхандария облыстарының кей жерлерінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз ауа 0-3o дейін жылы болады, тек кей жерлерде суық ауа температурасы сақталады.
Ертеңнен бастап антициклонның әсері біртіндеп әлсірейді. Салқын ауа массасы салыстырмалы түрде жылы ауамен ауыстырылады. Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі және аптаның соңына қарай түнде 0o-қа дейін жылиды, ал күндіз ауа 7-10o дейін, кей жерлерде 14o дейін жылиды, бұл ауа райының орташа көпжылдық температурасына жақын.
Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
12-14 декабрьде республиканың таулы аймақтарында қар көшу қауіпі бар.