Айтылуынша, осы жұмыс аптада Өзбекстан бойынша ауа райы біраз бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді.
Ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды. Бүгін, күндіз республиканың басым бөлігінде ауа температурасы 30-35 градус шамасында, оңтүстік және шөлейт аймақтарда 38 градусқа дейін, аптаның ортасына қарай ауа 36-39 градусқа дейін, оңтүстікте 42 градусқа дейін ыстық болады.
Республиканың солтүстігінде бүгін және ертең 38-40 градус ең ыстық ауа райы болады, сәрсенбіден бастап ауа температурасы біртіндеп 32-37 градусқа дейін төмендей бастайды.
3-4 июнь күндері солтүстік пен шөлейтті аймақтарда, 4 июньде республика бойынша кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, ал кей жерлерде шаң-тозаң болуы күтілуде.
Ташкентте: ауа райы көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы бүгін 30-32 градус, ертең 33-35 градус, сәрсенбі мен бейсенбі күндері 35-38 градус ыстық болады.