Ертең республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынның қарқындылығы мен ықтималдығы төмендейді. Облыстардың басым бөлігінде қар түрінде аздаған жауын-шашын болуы мүмкін, ал шығыс аумақтарда (Ташкент, Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында) жауын-шашын болады. Тек республиканың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде. Ауа температурасы түнде 0-5 градус суық, күндіз 2-7 градус жылы, солтүстікте түнде 8-13 градус суық, күндіз 0-5 градус суықты құрайды.
31 январьдан және 1 февральға дейін республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, бірақ Ташкент облысының кей жерлерінде және Ферғана аңғарындағы облыстардың кей жерлерінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-5 градус суық, күндіз 0-5 градус жылы, солтүстікте түнде 10-15 градус суық, күндіз 3 градус суық, 2 градус жылы айналасында болады.
Осы жұмыс аптасында республиканың кей жерлерінде тұман түседі.
29-31 январь аралығында Ташкент және Наманган облыстарының таулы аймақтарында қар көшкіні болу қауіпі бар.
Астанамызда: бүгін уақыт-уақытымен жаңбыр жауады. Батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз 5-7 градус жылы болады.
Сейсенбі және сәрсенбі күндері жауын-шашын (жаңбыр, қарға айналуы) болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан жел бағытын өзгертіп, шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен соғады.
30 январь түнде 1-3 градус жылы, күндіз 4-6 градус жылы, 31 январь түнде 0-2 градус суық, күндіз 3-5 градус жылы болады.
1 февральда ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Шығыстан жел 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус суық, күндіз 3-5 градус жылы болады, деп хабарлайды Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.