Boeing компаниямен жасалған 14+8 келісім-шарты бойынша 14 Boeing 787-9 Dreamliner ұшағы сатып алынады, тағы осы үлгідегі 8 ұшақты таңдау мүмкіндігі бар. Ұшақты жеткізу 2031 жылдан басталады.

Бұл келісім Uzbekistan Airways үшін Солтүстік Америкаға, Еуропаға, Таяу Шығысқа және Азия-Тынық мұхиты аймағына ұзақ рейстерді орындауға мүмкіндігін береді.

Сондай-ақ Boeing компаниясы мен Өзбекстанның Транспорт министрлігі арасында елдің авиациялық экожүйесін одан әрі дамыту мүмкіндіктерін зерделеу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылды.