«Uzbekistan Airways» Германияның Мюнхен қаласына тұрақты әуе рейстерін ашты

    Көлік 30 Oktabr 2023 1383

    «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы 29 октябрьден бастап Ташкент-Мюнхен-Ташкент бағыты бойынша тікелей әуе рейстерді ашты.

    Бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері жүзеге асырылады.

    Өзбекстан мен Германияның ірі қалалары арасында тікелей әуе қатынауының жолға қойылуы екі ел арасындағы барлық салалардағы диалогты одан әрі жандандыруға және көп салалы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Атап айтқанда, елдеріміз арасында тұрақты әуе қатынауының ашылуы нәтижесінде туризм, мәдени-гуманитарлық алмасу және сауда-экономикалық ынтымақтастық сияқты маңызды бағыттар бойынша тығыз қарым-қатынас орнатылады.

    Ресми ашылу салтанаты аясында Өзбекстанның бас консулы Олимжон Абдуллаев пен Мюнхен әуежайының вице-президенті Ульрих Теис арасында келіссөздер өтті. Әуе компаниясының жолаушыларына қызмет көрсету сапасын арттыру және тиісті жағдай жасау туралы келісімге қол жеткізілді.

    Естеріңізге сала кетейік, 1993 жылдан бері Ташкенттен Франкфурт-Майн бағыты бойынша рейстер тұрақты түрде дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалып келеді. Бұл елдеріміз арасындағы экономикалық және туристік байланыстарды нығайтуға қызмет етеді.

    No date selected
    September 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates