«Uzbekistan GTL» зауыты АҚШ-тың беделді Hydrocarbon Processing Awards сыйлығына үміткерлер тізіміне енді

    Іс-шаралар 9 Avgust 2022 1537

    «Uzbekistan GTL» зауытының жобасы АҚШ-тың мұнай және газды қайта өңдеу саласындағы жетекші болған Hydrocarbon Processing журналының HP Awards беделді сыйлығының «Ең жақсы газды қайта өңдеу технологиясы номинациясында» үздік үштікке үміткер ретінде таңдалды

    «Узбекнефтгаз» АҚ және оның «Uzbekistan GTL» құрамдық бөлімшесі Өзбекстандағы GTL зауыты АҚШ-тың жетекші техникалық «Hydrocarbon Processing» баспасы тарапынан «үлкен жетістіктері үшін» салалық марапаты үшін ең күшті үштікке үміткер ретінде таңдалғанын қуана жарялайды Зауыт «Ең жақсы газды қайта өңдеу технологиясы номинациясында» үміткер болды және беделді «НР» сыйлығы Мәслахат кеңесі тарапынан дауысқа қойылды.

    «Узбекнефтгаз» Акционерлік Қоғамының Басқару төрағасы Мехриддин Абуллаев былай деді:

    «Uzbekistan GTL зауытының бұл марапатқа үміткерлер тізіміне қосылуы «Узбекнефтгаз» акционерлік қоғамы үшін үлкен құрмет. Бұл біздің бизнес пен ұйымдастырушылық қызметіміздің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттеріміздің халықаралық деңгейде мойындалып жатқанының дәлелі. Бұл өте жігерлендіреді. Мен өз әріптестеріме, серіктестеріме және осы марапатқа жету үшін аянбай еңбек еткен барлық адамдарға алғысымды білдіргім келеді».

    Өзбекстан GTL Бас директоры Фахритдин Абдурасулов былай деді:

    «Бұл «Uzbekistan GTL» біздің мыңға жуық жұмысшы-қызметкерлер мен инженерлер және Өзбекстанда осы таңғажайып заманалық қондырғының іске қосылуына үлкен үлес қосқандардың барлығы үшін өте мақтанарлық сәт. Бұл аталмыш сыйлықты жеңіп алуда осы жобада тынымсыз және жанқиярлықпен жұмыс істеген халықаралық мамандар ұжымы үшін үлкен ерекшелікке ие».

    Биылғы марапаттардың жеңімпаздары 2022 жылдың 12 октябрінде Хьюстонда өтетін шарада жарияланады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates