Дели қаласында Өзбекстан Журналистер бірлестігі мен Үндістанның Пресс-клубы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

    Өзбекстанның БАҚ өкілдерінен құралған делегация Үндістанда өзара ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мақсатында келіссөздер жүргізді.

    Үндістанның Пресс-клубында өткен диалогта екі ел арасындағы соңғы жылдары дәйекті дамып келе жатқан ынтымақтастықты кеңінен жариялау, елдерімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың мәні мен маңыздылығын және ерекшелігін қалың жұртшылыққа жеткізу, осы үдеріске жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының белсене араласуы мәселелері талқыланды.

    Өзбекстанның Делидегі елшісі Сардор Рустамбоев, «Янги Узбекистон» және «Правда Востока» газеттерінің бас редакторы Салим Дониёров, Журналистер бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Холмурод Салимов, Үндістан Пресс-клубының президенті Гаутам Лахири және т.б. халықтардың арасындағы ежелден келе жатқан достық байланысты одан әрі байытуда БАҚ қызметкерлерінің рөлі ерекше және оған жоғары жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

    Шарада Өзбекстан Журналистер одағы мен Үндістанның Пресс-клубы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

    – Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтың 2022 жылғы 27 июніндегі «Бұқаралық ақпарат құралдарын қолдап-қуаттау және журналистика саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысында еліміздің медиа саласының өкілдерін шетелде білім алу мен біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген, – дейді Холмурод Салимов. – Өзбекстан мен Үндістан журналистер ұйымдары арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумда өзбекстандық журналистерді Үндістанда білімі мен біліктілігін арттыру, танымал үнді журналистерінің қатысуымен шеберлік сабақтарын өткізу және басқа да маңызды міндеттер қарастырылған. Бұл әрине, өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға қызмет ететіні сөзсіз.

    Осы құжатқа сәйкес, журналистердің шығармашылық сапарлары ұйымдастырылып, өзара озық тәжірибе алмасу іс-шаралары қолға алынып, ақпарат алмасу жолға қойылып, түрлі конференциялар мен байқаулар бірге өткізілетін болады.

    Үндістанның жетекші «The Economic Times» және «The New Indian Express» газеттерінде өткен кездесулер барысында аталған басылымдармен және «Янги Ўзбекистон» және «Правда Востока» газеттері арасында шығармашылық байланыс орнатудың болашағы туралы пікір алмасылды.

    «The Economic Times» газетінің атқарушы редакторы Пранаб Саманта мен «The New Indian Express» газетінің редакторы Сантвана Бхаттачаря Өзбекстан өмірінде соңғы жылдары болып жатқан жаңару үдерістері, елдің дәйекті бастамалары бүгінде халықаралық деңгейде үлкен қызығушылық тудырып отырғанын айтып, өзара шығармашылық байланыстарды жолға қою мен дамыту екі жаққа да тиімді болатынына сенім білдірді.

    «Бүгінде әлем деңгейіндегі ірі бұқаралық ақпарат құралдары Өзбекстанда болып жатқан жаңалықтар мен реформаларды көрсетуге ерекше көңіл бөлуде», — дейді Салим Дониёров. – Осыған орай, еліміздің жетекші басылымдары халықаралық байланыстарды дәйекті түрде дамытып келеді. Атап айтқанда, «Янги Ўзбекистон» және «Правда Востока» газеттерінің өкілдері Үндістанның ірі медиа ұйымдарымен алдағы ынтымақтастық байланыстарды талқылады. Біз үндістандық әріптестерімізбен мақалалар, бейне және аудио контент алмасуға, бірге сарапшылар тобын құруға, елдеріміздің ынтымақтастығының түрлі жақтары туралы талдау материалдар дайындауға келістік.

    Өзбекстан мен Үндістанның жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің диалогы барысында екіжақты шығармашылық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерудің іс жүзіндік бағыттары белгіленді, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates