Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің мәлімдеуінше, екі күндік іссапар барысында Ресей Ферерациясының бірқатар  ресмилері, сондай-ақ, Үкімет төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Экономикалық даму министрі Максим Решетниковпен кездесулер өтті.

Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықтың бүгінгі  жағдайы, қолданыстағы келісімдердің өмірге енгізілуі, сондай-ақ Өзбекстан-Ресей қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың маңызды жақтары талқыланды.

Екі ел арасындағы көпқырлы қарым-қатынастың барлық салаларда берік байланыс пен белсенді ынтымақтастық байқалып отырғаны атап өтілді. Бұрын келісілген жобаларды, бағдарламаларды және бастамаларды ілгерілету бойынша бірге жұмысты жалғастыруға өзара сенімді екені білдірілді.

Инвестициялық, сауда-экономикалық, өнеркәсіп, көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Екі ел арасындағы өзара мүдделі серіктестікті тереңдетудің іс жүзіндік механизмдері бойынша бірлескен ұстанымдар әзірленді.

Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді шешу бойынша алдағы шаралар туралы пікір алмасып, ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша іс жүзіндік ынтымақтастықтың жолдары туралы келісілді.