Вакцина алмаған қызметкерлер уақытша жұмыстан шеттетілді

    Денсаулық 19 Yanvar 2022 1884

    Соңғы күндері Ташкентте коронавирус ауруына шалдыққандар саны күрт өсіп, олардың саны 5600-ға жетті. Бүгінгі таңда 3297 науқас стационарлық, 2216 науқас амбулаториялық жағдайда емделуде.

    Стационарлық жағдайда емделгендердің 2935-інің жағдайы қанағаттанарлық, 229-ының жағдайы ауыр, 133-інің жағдайы өте ауыр.

    Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және ақпараттарды үйлестіру мақсатында аудандарда Ташкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық штабтар құрылды.

    Үйде емделіп, карантинге жатқызылған науқастарға медициналық кеңес пен ақпарат беретін онлайн-дәрігерлік емхана құрылды. Аудандарда 157 мобильді топтың қызметі қайта жанданды.

    13 январьдан бастап аудандарда тәулік бойы жұмыс істейтін 12 мамандандырылған арнайы ковид емханалары жұмысын бастады.

    17 январьда жұмысшы топтар 305 кәсіпкерлік субъектісі мен 203 бюджеттік ұйымдарда тексеру өткізді.

    Соның салдарынан кәсіпкерлік субъектілерінің 359 қызметкері, бюджеттік ұйымдардың 885 қызметкері екпе алмағаны анықталды.

    Екпе алмаған 1044 қызметкер жұмысынан шеттетіліп, 200 қызметкерге айыппұл салынып, 1 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

    Сонымен қатар, Ұлттық гвардия Ташкент қаласында 65 базарда, 31 саябақ пен аллеяда, 46 қоғамдық шаралар өтетін нысанда, 22 стадион мен спорт кешенінде, 6 ірі сауда орталығы мен 131 мешітте азаматтарға карантин ережелерін сақтау, насихат-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Бұл шаралар астанамыздың тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның кең таралуын болдырмауға бағытталған және барлық азаматтарды карантиндік талаптар мен санитарлық-гигиеналық ережелерді қатаң сақтауды сұрайды. Бұл туралы ӨзА хабарлады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates