Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің отыз екі жылдығы атап өтілді

    Билік 1 Sentabr 2023 7084

    Ташкент қаласында 31 тамыз күні Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің отыз екі жылдығы атап өтілді.

    Мерекелік шараға Президент Шавкат Мирзиёев қатысып, халқымызды айтулы күнмен құттықтады.

    Мемлекет басшысы өкен кезеңде Өзбекстанның түрлі сынақтардан өтіп, тәжірибе жинақтап, өзінің айқын мақсаты, жолы, ұстанымы бар үлкен мемлекет ретінде қалыптасқанын атап өтті.

    – Сіздердің Отанға деген сүйіспеншілік, адалдықпен атқарып жатқан күнделікті еңбектеріңіз Өзбекстанның тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға қызмет етуде. Осы тұрғыдан алғанда, Тәуелсіздік күні – бәріміздің мерекеміз, тәуелсіз Өзбекстан – бәріміздің мақтанышымыз десек, шындықты айтқан боламыз, деді Шавкат Мирзиёев.

    Әрине, ұлтымыз тәуелсіздікке, бүгінгі игілікке оңайлықпен қол жеткізген жоқ. Осы жолда ата-бабаларымыздың саяси-ағартушылық талпынысы соңғы бір жарым ғасырда дерлік тоқтаған емес. Тәуелсіздікке ұмтылған ұлт қайраткерлері қуғын-сүргін мен зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында олардың таза есімдері қалпына келтірілуде.

    Қатаң билік тұсында халқымыздың жері, күші, әлеуеті тек егіншілікке бағытталды. «Өзбек» деген сөз қолданылғанда тек таң ата кешке дейін мақта алқабында жұмыс істейтін еңбекқор адамдар елестейтін. Мақта саясаты аралды құрғатты, экологиямызды дағдарысқа ұшыратты, экономикамызды, білім беру жүйесін ізден шығарды.

    Бүгінде мақта шаруашылығына нарықтық экономиканың қағидалары енгізіліп, мәжбүрлі еңбек пен балалар еңбегі түбегейлі жойылды. Мұғалім мектепке, дәрігер ауруханаға оралды. Өзбекстан халықаралық «қара тізімдерден» шығарылды.

    Саяси тәуелсіздіктің негізі ең алдымен экономикалық тәуелсіздік екені ешкімге де жасырын емес. Тынымсыз еңбек, күш-жігермен бұл іргетас нығайып келеді. Кейінгі 6 жылда елімізде жалпы ішкі өнім көлемінің 1,5 еседен астам, кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 есеге артып, өнеркәсіптегі өсім 40 пайыздан асқаны осыны нақты дәлелдейді.

    – Бірақ біз бүгінді кешемен емес, бүгінді ертеңмен салыстырып, жұмысымызды осы негізде ұйымдастыруымыз керек. Өйткені, болашақ бүгінгі жасап жатқан қадамымыздан басталады, – деді Президент.

    Еліміздің дамуының негізі – білім екені баса айтылып, бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар айтылды.

    – Егер 3 мың жылдық тарихымызға көз жүгіртсек, ата-бабаларымыздың дүниежүзілік өркениетке тек физикалық ғана емес, ақыл-ой еңбегімен де орасан үлес қосқанын көреміз. Біз әлемге тек шикізат емес, білім мен рухани байлық әкелген ұлы тұлғалардың ұрпағымыз. Олардың асқақ қасиеттері, жасаған даңқты дәстүрлері біздің жүрегімізде, санамызда, бүгінгі өмірімізде сақталғаны сөзсіз. Біз бұл тарихи жолды жалғастыруға толық қауқарымыз бар екеніне сенемін, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Мемлекет басшысы өз сөзінде бүгінде еліміздің алдында тұрған маңызды мәселелерге қоғамның назарын аударды. Экологияны сақтау, суды, энергияны және басқа да табиғи ресурстарды үнемдейтін экономикаға жедел көшу, инновациялық өндірістік кәсіпорындар құру міндеті өзекті екені айтылды.

    – Табиғат байлығы – болашақ ұрпаққа да тиесілі байлық екенін ешқашан ұмытпағанымыз жөн. Ендеше, біз оларды бүгінге ғана емес, ертеңге де ұтымды пайдалануымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Қоғамның барлық саласында әйелдерге тең мүмкіндіктер жасау тағы бір маңызды міндет екені баса айтылды. Президент осыны айта отырып, ғұлама Абдурауф Фитраттың «қыз-келіншектер – ұлт анасы» деген сөзін еске алды.

    Адамзат соңғы жылдары ауыр сынақтарды бастан кешкені, мұнда ерік-жігері берік, ынтымағы жарасқан халықтардың тұрақты даму болатыны баса айтылды.

    – Өзбекстанның әрбір баласы халқымыздың бірлігі мен елдің тұтастығы үшін күресуді өз өмірінің мәні деп білуі керек! Бір болсақ – біртұтас елміз, біріксек – отанбыз» деді Президент.

    Халқымыз қашанда татулықты жақтайтыны, алыс-жақын елдермен достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылды.

    Алда тұрған міндеттер қаншалықты ауқымды да күрделі болса да, еліміздің оларды бірлесіп шешуге қабілетті екендігі баса айтылды.

    – Тарихтан белгілі: уақытты мүмкіндікке, мүмкіндікті жетістікке, жетістікті дамудың іргетасына айналдыра алатын ұлт – ұлы халық. Міне, бүгінде еңбекқор, ержүрек те текті, ақкөңіл халқымыз осындай ел болып майнға шығуда, – деді Мемлекет басшысы.

    Президент осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген жерлестерімізге, бүкіл халқымызға алғысын білдірді.

    – Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің жасаушысы боған халқымыз әрқашан аман болсын! Әсем елімізде бейбітшілік пен тыныштық жалғаса берсін! Туған жерімізге көз тимесін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

    Мереке үлкен концерттік бағдарламамен жалғасты. Ел тыныштығы үшін жанын қиған қайсар ұлдарды еске алды. Салтанатты шарада шырқалған әндерде халқымыздың бай өнері мен құндылықтары, Өзбекстанның түрлі мәдениеттер тоғысқан мекен екенін айқын байқалды.

    Салтанатты шара теледидар мен интернет арқылы тікелей эфирде көрсетілді.