Өмірден өткендерге құран оқылып, дұға бағышталды. Елге ас берілді.

Тәуелсіздік алған күндердегі ұлт қайраткерлерінің рухына тағзым ету, олардың қызметтерін еске алу игі дәстүр. Өйткені олар халықтың азаттығына, бүгінгідей қауіпсіз, еркін күндерге ұмтылған еді. Бұл дата Отанға деген адалдықтың ұмытылмайтынын, әрқашан бағаланатынын білдіреді.

Қатал режим кезінде елімізде мыңдаған адамдар қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы бұзылып, балалары жетім қалды. Тек 1937-38 жылдардағы ұлы қырғында 7 мыңға жуық қандастарымыз атылды.

Қазіргі аллея осындай өлім жазасына кесілетін қорқынышты жер болатын. Тәуелсіздік жылдарында берекелі мекенге айналды. Бұл жерде «Репрессия құрбандарын еске алу» музейі, оның Қарақалпақстан Республикасы мен облыстардағы филиалдары құрылды. Қазіргі уақытта мұражайда Түркістан ағартушылары туралы көрме ашылған.

Аллеядағы символикалық бейіт жанында да құран оқылды.

– Әр кез осында келіп, халқымыздың бостандығы үшін жанын пида еткен ержүрек аталарымызды еске алған сайын көңіліміз тыныштық табады. Оларды еске алып, игі істерін жалғастыру біз үшін парыз. Қуғын-сүргінге ұшыраған көшбасшыларымыздың тағдыры баршамызды тәуелсіздігімізді бағалауға, оны сақтауға шабыттандырады. Осындай тәуелсіздік пен бейбітшілікте өмір сүру – Алланың үлкен нығметі. Ол үшін оны ризашылықпен бағалауымыз керек, – деді Президент.

1937-53 жылдары Өзбекстанда 100 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 13 мыңы атылған еске алынды. Өкінішке орай, қысым мұнымен тоқтап қалмаған.

Өткен ғасырдың 80-жылдарының өзінде мыңдаған қандастарымыз әділетсіздіктің құрбаны болды. Республикамызда «мақта ісі», «өзбек ісі» деген жалған жаламен 40 мың адам тергеліп, 5 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Мемлекет басшысы Өзбекстанды жиырма бес жыл басқарған, өзбек халқының біртуар перзенті болған Шараф Рашидов өмірден озған соң саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны өте ауыр екенін айтты.

Жәдид бабаларымыздың өмірін зерделеу, әділетсіз қуғынға ұшыраған тұлғалардың есімін мәңгілік ету бағытында игі істер атқарылып жатқаны айтылды.

– Осыған байланысты әділеттілікті қалпына келтіру үшін көптеген жұмыстар атқарып жатырмыз. Тарихшылардың қатысуымен комиссиялар құрылды, мұрағат құжаттары зерттелуде. Соңғы екі жылда Өзбекстанның Жоғарғы соты 850-ден астам адамды ақтап шығарса, биыл мұндай құрбандардың 240-ы ақталды. Біз мұндай зерттеулерді ешқашан тоқтатпауымыз керек. Халқымыз шындықты білуі керек, – деді Шавкат Мирзиёев.

Бұл кезеңнің тарихы жаңа табылып жатқан құжаттар және айғақтармен толығады. Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласы бойынша «Естелік» кітаптары дайындалды. Олардың ішінде 40 мыңға жуық қандастарымыз туралы мәліметтер қамтылған. Бұл жинақтар жақын арада жарыққа шығады.

Бұл ретте Президент қуғын-сүргін құрбандары тұрған елді мекендерге олардың аты-жөні мен қызметін мөрлеу қажеттігін баса айтты.

– Мұражайлар салдық, кітаптар шығып жатыр, көпшілігі ақталуда. Бірақ оны ұмыту керек емес. Меніңше, қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін өздері туып-өскен немесе бүгінгі ұрпақтары тұрып жатқан мектепте жазып қалдырсақ, сауапты іс болар еді. Сонымен қатар, мұндай мерекелерде, еске алу күндерінде олардың үйлеріне бару қажет. Неге біз соғыс ардагерлеріне үйге барып, қуғын-сүргін құрбандарын еске алмаймыз?! Олардың әрқайсысының өмірі қаһармандық. Соны зерттеп, насихаттап, жастарымызға жеткізуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.