«Veolia Energy»: Ташкенттегі қазандықтардың шамамен 13 пайызы күрделі жөндеуден өтті

    «Veolia Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметінше, елордада жылу жүйесі жақын арада іске қосылады.

    Елордада жұмыс істеп тұрған 217 қазандықтың 29-ы күрделі жөндеуден өтіп, 76 шақырым ескірген жылу құбырлары ауыстырылып, 1,32 шақырым жылу желілері жер астына алынғаны атап өтілді.

    Сондай-ақ 47,1 шақырым Жылу желілердегі изоляция қаптамасы қайта тіктеліп, 12 сорғы станциялары толық жөндеуден өтті. 92 сорғы станциясы ағымдағы жылы қайта жөнделді.

    Сондай-ақ, 2927 дана ауадан өткізілетін жылу құбырлары сырланды. 159 есептегіш пен 112 дана Индивидуалды жылу пункттері орнатылған. Сондай-ақ қысқы маусымға қажетті болға қосалқы бөлшектері 100 пайыз әзірлеп қойылған.