Әкімшілік регламентке сәйкес, біліктілігін арттыруға өтініш білдірген ветеринариялық қызметтің мамандары халыққа қызмет көрсету орталықтарына өзі келіп өтініш беруі немесе  БИМҚП-ға тіркелуі қажет.

Келіп түскен өтініштер дереу Самарқант ветеринариялық медциналық институты жанындағы Кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығына  жіберіледі.

Біліктілікті арттыру орталығы түскен өтініш белгіленген талаптарға сәйкестігін 3 күн ішінде қарайды және біліктілігін арттыруға жіберу туралы келісімшарт жасау немесе  бас тарту туралы талапкерге SMS-хабарлама жолдайды.

Осыдан кейін 3 күн ішінде оқу орталығымен келісімшарт жасалады.

Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, 5 күн ішінде белгіленген төлемді талапкерлер төлеуі тиіс. Төлем жасалмаса, олар біліктілікті арттыру курстарына қабылданбайды.

Төлемді жүзеге асырған талапкерлер санына қарай оқу курстарының контингенті қалыптастырылады және оқу басталатын мерзім туралы 1 күн ішінде талапкерлерге хабарланады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетілгені үшін  базалық есептеу көлемінің 20 пайызы (54 000 сум)  алым алынады.

БИМҚП арқылы өтініш бергенде бұл сома 48 600 сумды құрайды.