Владимир Норов Корея Республикасының Елшісін қабылдады

    2022 жылдың 23 ноябрінде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Корея Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Ким Хи Сангты қабылдады.

    Елші Корея Республикасы Өзбекстанды аймақтағы басты серіктесі деп санайтынын және мемлекетаралық қарым-қатынастарды одан әрі жандандыру үшін барлық шараларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Ресми Сеул Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды құптайды, қолдап-қуаттайды және оларды жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

    Атап өткендей, Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың 2021 жылғы декабрь айында Корея Республикасына жүзеге асырылған іссапары екіжақты қарым-қатынастарды сапа жағынан жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.

    Тараптар барлық салаларда жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жан-жақты жүзеге асыруға дайын екені айтылды.

    Алдағы шаралардың кестесі, сондай-ақ Ташкент қаласында өтетін СІМаралық кеңесулердің кезекті отырысы туралы пікір алмасылды.

    «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы аясындағы қарым-қатынастарды дамыту бойынша ұсыныстары қаралды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.