Түрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен оны одан әрі дамыту болашағы талқыланды.

Өзбекстан мен Оман саяси диалогты, сондай-ақ саяси кеңесулер, парламентаралық байланыстарды дамыту, делегациялардың сапарларын өзара ұйымдастыру арқылы жолға қоюға дайын екені білдірілді.

БҰҰ, Ислам ынтымақтастығы Ұйымы мен басқа да халықаралық институттар аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Елші Оман үкіметі Жаңа Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды реформалар мен өзгерістер бағдарламасын  жан-жақты қолдап-қуаттайтынын және оның тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуде қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін тілгі тиек етті.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандыру, сонымен қатар тауар айналымының көлемін арттыру, Оман инвестициясын тарту,  бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша тиімді іс-шаралар қабылдау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Тараптар мәдени-гуманитарлық, ғылыми-зерттеу және білім беру саласындағы алмасуларды жолға қоюға мүдделі екенін білдірді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.