Кездесуде Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы өзара байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратын Өзбекстан-Пәкістан стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарының даму  қарқыны ризалықпен атап өтілді.

Жоғары деңгейдегі сұхбат кезінде  қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы қаралды.

Алағы кездесулер, сондай-ақ 2022 жылғы 28-29 июль күндері Ташкент қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің жиналысына қатысу үшін Пәкістан сыртқы істер министрлігінің Өзбекстанға сапары туралы пікір алмасты.

Өзбекстан мен Пәкістанның халықаралық аренадағы, атап айтқанда, БҰҰ, ШЫҰ, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы аясында  іс-әрекеттерді сәйкестендіруді жалғастыру  бойынша келісімге қол жеткізілді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ екі ел арасындағы қол қойылған транзиттік және жеңілдетілген сауда туралы келісім аясындағы келісімдерді кеңейту болашағына айрықша назар аударылды. Екіжақты өзара тауар айналымының көлемін 1 миллиард АҚШ долларға дейін арттыру бойынша іс-әрекеттері біртұтастығы бекітілді.

Сондай-ақ Өзбекстан мен Пәкістан тарапының мәдени-гуманитарлық алмасу саласындағы байланыстарды кеңейтуге дайын екендігі атап өтілді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.