Владимир Норов ШЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесті

    2022 жылғы 16 май күні Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің уақытша міндетін атқарушы Владимир Норов іссапармен келген елімізге келген Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті.

    Кездесу барысында Өзбекстан мен ШЫҰ арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқыланды.

    Өзбекстанның ШЫҰ-ға төрағалығындағы шараларға дайындық жасау және өткізуге қатысты мәселелер бойынша пікір алысты. Тараптар Өзбекстанның төрағалығында Ұйымның бүгінге дейін 40-тан астам шараның сәтті өткенін атап өтіп, ағымдағы жылдың май-сентябрь айларына арналған жоғары деңгейдегі кездесулердің ұйымдастырушылық мәселелері мен күн тәртібін талқылады.

    Өзбекстанның бастамасымен ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары жолға қойылып, олар Ұйым күн тәртібін заманалық шынайылықты ескере отырып, байытуға қызмет ететіні атап өтілді. Атап айтқанда, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, кедейшілікті азайту мәселелері бойынша алғаш рет министрліктер жиналысы ұйымдастырылды. 17 май күні Ташкент қаласында өсімдіктер карантині бойынша мекеме басшыларының бірінші жиналысы өтеді.

    ШЫҰ Бас хатшысы басты оқиға – 2022 жылғы 15-16 сентябрь күндері өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Мемлекет басшылары кеңесінің мәжілісіне дайындық жасау, еліміз тарапынан Самарқант саммитінің мазмұн тұрғысынан байыту бойынша жүргізіп жатқан ауқымды жұмыстарды жоғары бағалады. Сол тұрғыдан тараптар болашақ саммит аясында қол қойылуы жоспарланған құжаттарды келісу үдерісін жеделдету бойынша белсенді іс-әрекеттерді жалғастыру қажеттігін атап өтті.

    ШЫҰ қызметін одан әрі дамыту, оның халықаралық аренадағы беделін арттыру жөнінде пікір алысты.

    Келіссөздерде халықаралық және аумақтық күн тәртібіндегі кейбір мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай да талқыланды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates