Атап айтқанда, S7 Airlines әуе компаниясының Иркутск-Әндіжан бағытындағы S76311 рейсінің экипажы Ош қаласындағы баламалы аэродромға қонуға шешім қабылдады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 00:01-де қонды.
Air Samarkand әуе компаниясының Жиддадан Наманганға ұшқан 9S5010 рейсі Самарқант қаласындағы баламалы аэродромға бағытталып, сағат 00:27-де қонды.
Сондай-ақ, Ural Airlines әуе компаниясының Екатеринбург-Наманган бағытындағы U62963 рейсі де Самарқанттағы баламалы аэродромға сағат 00:40-де қонды.
Uzbekistan Airways авиакомпаниясының Самара — Наманганға бағыт алған HY9806 рейсі Ташкент халықаралық аэродромға бағытталып, сағат 04:11-де қонған.
Сонымен қатар, FlyOne Asia авиакомпаниясының Медина — Наманганға бағытталған 7Q4452 рейсі де Ташкенттегі баламалы аэродромға бағыталып, ұшақ сағат 06:05-те қонды.
Қазіргі уақытта Наманган халықаралық әуежайы әдеттегідей режімде жұмыс істеп тұр.