Президент білім беруді дамытудың ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жиын өткізді

    Билік 25 May 2022 5664

    25 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті мектеп біліміндегі реформалардың барысы жайлы жиын өткізді.

    11 мамырда Президенттің Жарлығымен халыққа білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы бекітілгені белгілі. Онда озық халықаралық тәжірибе негізінде білім сапасын арттыру, педагог мамандығының беделін көтеру, инклюзивті білім беруді дамыту, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, инфрақұрылымды жетілдіру, саланы цифрландырудың өзекті бағыттары айқындалған. Бұл бағыттардың әрқайсысы ондаған нақты міндеттерден тұрады. Олар әр аудан, қалада әзірленген «жол карталарына» негізделген.

    Жиында Халық білім беру министрі осы бағытта атқарылған жұмыстар мен алдағы оқу жылына арналған жоспарлар туралы баяндады.

    Ең алдымен білім беру үдерісіне жаңа ұлттық бағдарламаны енгізу мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, биылғы жылы 3, 6, 7, 10-сыныптарға, 2023-2024 жылдарға 4, 5, 8, 9, 11-сыныптарға арналған оқулықтар, жаттығу дәптері мен оқулықтар жасау жоспарлануда.

    Мемлекет басшысы сапалы оқулықтар дайындау үшін шетелдік сарапшылар мен зерттеушілерден жұмыс тобын құру қажеттігін айтты.

    Ұлттық бағдарламада ұстаздардың қоғамдағы беделін көтеруге ерекше көңіл бөлінген. Бұл жоғары білімді де білікті, заманауи кадрларды дайындауды талап етеді. Осы мақсатта Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті мен оның оқу және ғылыми ұйымдары Халыққа білім беру министрлігіне берілді.

    Жиында педагогикалық білім беруді трансформациялау, ЖОО қабылдауды жақсарту, ғылыми әлеуетті арттыру және оқуды тәжірибемен байланыстыру бойынша тапсырмалар берілді.

    Ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттырып, оларды жаңа әдіс-тәсілдерге баулу туралы сөз қозғалып, Абдолла Авлони атындағы Ұлттық ғылыми-зерттеу институтының қызметін кеңейтіп, өңірлердегі педагогикалық оқу орындарымен интеграциялау қажет екені айтылды. Келесі оқу жылынан бастап химия, биология, физика-математика мұғалімдерін кәсіби аттестаттау жүйесін енгізу жоспарланды.

    Мемлекет басшысы мектеп директорларын дұрыс іріктеу, олардың кәсіби және басқарушылық қабілетін дамыту мәселесіне тоқталды. Біліммен қатар тәрбиенің де маңыздылығына сөз болды.

    – Руханият мектептен басталады. Мектептердегі білім сапасына қаншалықты көңіл бөлсек, руханиятқа да көңіл бөлу керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Осы мақсатта оқушылардың дүниетанымы мен дарындылығын арттыратын әртүрлі жас топтарына арналған руханият кітаптарын жасау ұсынылды.

    Мектептен тыс білім беруді дамыту жайы да сөз болды. «Баркамол Авлод» мектептерінің қызметін және инфрақұрылымын жақсартудың бес жылдық бағдарламасын әзірлеу, оның ішінде «STEAM» бағыты бойынша шеберлік тобтар құру міндеті қойылды.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates