Халықаралық серіктестер өз құттықтауларында Жаңа Өзбекстанда Мемлекет басшысының басшылығымен саяси жаңғырулар мен әлеуметтік-экономикалық реформалардың табысты жүзеге асырылып жатқанын, мемлекеттің әлемдік аренадағы беделін нығайтуға бағытталған белсенді, конструктивті және прагматикалық сыртқы саясат жүргізіліп жатқанын атап өткен.
Шетел көшбасшылары Өзбекстан Президентіне және көпұлтты халқына бейбітшілік, бақ-береке, молшылық, жетістіктер мен өркендеу тілектерін білдірген.
Құттықтау хат жолдағандар қатарында:
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин;
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин;
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев;
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров;
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон;
Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов;
Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Мәслихатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов;
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев;
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко;
Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев;
Жапония Премьер-министрі Сигэру Исиба;
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі Кир Стармер;
Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдулфаттах ас-Сиси;
Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиян;
Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Абделмаджид Теббун;
Иордания Хашимит Корольдігінің Королі Абдалла ІІ;
Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббас;
Латвия Республикасының Президенті Эдгарс Ринкевичс;
ЮНЕСКО бас директоры Одри Азуле;
ХАЭА бас директоры Рафаэль Гросси;
Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин;
ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев;
Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмүралиев;
Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Асад Хан;
Дүниежүзілік банк президенті Аджай Банга;
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнь;
Ауыл шаруашылығын дамыту халықаралық қорының президенті Альваро Ларио.
Құттықтаулар легі жалғасуда.