Әлемдік көшбасшылар мен шетелдік серіктестер Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 31 жылдығымен құттықтауда

    Билік 31 Avgust 2022 9433

    Өзбекстан тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың атына шет мемлекеттердің басшылары, беделді саясаткерлер, белгілі қоғам және дін қайраткерлері, жетекші халықаралық ұйымдар мен аймақтық құрылым жетекшілерінен құттықтаулар мен жеделхаттар келуде.

    Хаттарда Өзбекстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жоғары жетістіктері, сондай-ақ кейінгі жылдары жүзеге асырылған ауқымды саяси жаңартулар мен әлеуметтік-экономикалық реформалар кеңінен атап өтілген. Жаңа Өзбекстанды құру жөніндегі стратегиялық саясат толықтай қолдау тапқан.

    Шетелдік көшбасшылар мен серіктестер жүзеге асырылып жатқан сындарлы және белсенді сыртқы саясаттың нәтижелі екенін айтып, Мемлекет басшысының жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті, тұрақты және дәйекті дамуды қамтамасыз етуге, өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық пен практикалық серіктестікті кеңейтуге бағытталған ұсыныстары мен бастамаларын жоғары бағалаған.

    Құттықтауларда Өзбекстанның көп ұлтты халқына бейбітшілік, даму және гүлдену тілегі айтылған.

    Құттықтау жолдағандар қатарында:

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш;

    Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин;

    Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин;

    Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байден;

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев;

    Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров;

    Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон;

    Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов;

    Түркіменстан Ұлттық кеңесі қоғамдық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов;

    Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған;

    Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев;

    Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абделазиз Әл Сауд;

    Сауд Арабиясының тақ мұрагері, Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары, қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салман бен Абделазиз Әл Сауд;

    Жапония императоры Нарухито;

    Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёл;

    Үндістан Республикасының Президенті Драупади Мурму;

    Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер;

    Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің патшайымы Елизавета II;

    Египет Араб Республикасының Президенті Абдулфаттах әл-Сиси;

    Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси;

    Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Матамела Сирил Рамафоса;

    Австралия Одағының Генерал-губернаторы Дэвид Херли;

    Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко;

    Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян;

    Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодо;

    Болгария Республикасының Президенті Румен Радев;

    Венгрия Президенті Каталин Новак;

    Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан;

    Рим-католик шіркеуінің басшысы Франциск;

    Испания Корольі Филипп VI;

    Польша Республикасының Президенті Анджей Дуда;

    Словакия Республикасының Президенті Зузана Чапутова;

    Швейцария Конфедерациясының Президенті Иньяцио Кассис;

    Черногория Президенті Мило Джуканович;

    Палестина Президенті Махмуд Аббас;

    Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Ранил Викремесингхе;

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев;

    Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары шейх Саиф бен Заид Әл Нахаян;

    Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин;

    Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшы Сергей Лебедев;

    Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев;

    Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хусрав Нозири;

    Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнь.

    Құттықтаулардың келуі жалғасуда.