Сертификаттарды ғалымдарға Инновациялық даму министрінің орынбасары Шахло Турдиқулова тапсырды.
— Ғылыми жобаларды қаржыландырудың жаңа жүйесін енгізу ғалымдарымыздан да, министрліктен де ерекше жауапкершілікті талап етеді, – деді Ш. Турдиқулова. – Бірнеше жобаның ішінен ең лайықтысын таңдап алу тәжірибесі зерттеулердің сапалы, бәсекеге қабілетті және тиімді болуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Шарада ғылыми қызметке қатысты мемлекеттік бағдарлама аясында қаржыландырылған жалпы құны 27,7 миллиард сумды құрайтын 30 (20 практикалық және 10 инновациялық) Өзбекстан-Беларусь жалпы құны 2,9 миллиард сумдық 4 Өзбекстан-Венгрия жоба басшыларына сертификаттар алды, деп хабарлайды Инновациялық даму министрлігінің баспасөз қызметі.