Халықаралық қаржы институттарының қатысуымен инновацияны енгізу жобаларын жүзеге асыру мәселелері қаралды

    Ел назарында 12 May 2022 1173

    Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков басшылығында Ферғана қаласындағы студиядан бейнеконференцбайланыс арқылы инновацияны енгізу және халықаралық қаржы институттары тарапынан қаржыландырылған жобаларды жүзеге асырумен байланысты мәселелерді талқылауға арналған жиналыс өтті.

    Оған министрліктер мен кеңселер, сала бірлестіктері, коммерциялық банктер, Қарақалпақстан Республикасы, облыстар және Ташкент қалалық жергілікті билік органдарының басшылары қатысты.

    Бірқатар салаларда, атап айтқанда, ел экономикасының «драйвері» саналатын геология, тау-кен өндіру және химия өнеркәсібі салаларында қол жеткізілген нәтижелер атап өтілді.

    Сонымен қатар, жиналыс барысында жаңа қолданбаларды жарату мен өмірге енгізу, ғылыми-зерттеулер өткізу, түрлі салалардағы іс жүзіндік мәселелердің шешімін табуға мемлекетіміздің ғылыми-зерттеу мекемелерін жұмылдыру бойынша жүйелі істерді ұйымдастыруды көздеп, бірқатар сала бірлестіктерінің басшыларына инновациялық қызметті кеңейту қажеттілігі көрсетілді.

    Инновацияларды енгізу үдерісін үйлестіру мақсатында мамандандырылған мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету, «Global Innovation Index» халықаралық рейтингінде еліміздің көрсеткіштерін жақсартуға қаратылған іс-шаралар жоспарын әзірлеу, ғылым-білім және білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту бойынша нақты міндеттер белгіленді.

    Өнеркәсіп және аумақтарды инновациялық тұрғыдан дамытудың ағымдағы жағдайын талдау және жоғары технологиялық инновациялық өнімдер өндіруге бағытталған жобалар санын көбейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

    Сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарының қызметін зерделеу, инновациялық дамуға жауапты болған мемлекеттік органдар басшыларының, сондай-ақ ғылым-білім және білім мекемелері басшылары жұмысының тиімділігін бағалау тапсырылды.

    Министрліктер мен кеңселердің басшыларына 2022 жылы инновациялық қолданбаларды коммерцияландыруға бағытталған жобаларды іске асыруды көздейтін «Жол карталарын» дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ 2023 жылға арналған инновациялық даму бағдарламаларын қалыптастыру мен қарау тапсырылды.

    Жергілікті билік органдарына инновациялық аумақтар ретінде қосымша аудандарды (қалаларды) анықтап, 2022-2023 жылдарда осы аймақтарды дамытудың нақты бағдарламаларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

    Инновациялық даму министрлігіне, кейіншелік Республика басшылығына ұсыну мақсатында, Өзбекстан Республикасын 2022-2026 жылдарға арналған Инновациялық дамыту стратегиясының жобасын дайындау тапсырылды.

    Жиналыста халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жағдайы да талқыланды. Ағымдағы жылдың январь-февраль айларында халықаралық қаржы институттарының қатысуымен жүзеге асырылған 105 жоба үшін 296 миллион доллар игерілгені, бұл жоспарланған параметрлердің 100 пайызын құрағаны белгілі болды.

    Сонымен қатар сумен қамту, гидроэнергетика, теміржол транспорты және денсаулық сақтау салаларындағы қаралып жатқан бірқатар жобалардың жобаалды құжаттарын сәйкестендіру бойынша істердің барысы сыни көзбен қаралды. Фармацевтика, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларындағы жобаларды өмірге енгізудің іс жүзіндегі сипаттары талқыланып, бірқатар лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылды.

    Министрлік пен кеңселер кесімінде ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс болған құны 2,4 миллиард долларлық 29 жобаның іске асырылуы қаралды.

    Жиналыс соңында тиісті министрліктер мен кеңселердің басшыларына тиісті жобаларды уақытылы жүзеге асыруға және пайдалануға беру жөнінде мақсатты тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates