Қытай инвесторлары Өзбекстанда жасанды былғары өндірісіне қызығушылық танытуда

    Инвестициялар 18 Oktabr 2023 1152

    «Узчармсаноат» бірлестігінде «UzCharmExpo-Eurasia-2023» XV былғары, аяқ киім, әтір-опа, елтірі, жүн және жергіліктендірілген өнімдер көрмесі аясында «Узчармсаноат» бірлестігінің төрағасы Фахриддин Бобоев Қытай Халық Республикасының Донггуан саудасын дамыту бірлестігінің мүшесінен құралған делегациямен кездесті.

    Диалог тақырыбы Өзбекстан мен Донггуан қаласы арасындағы былғары және аяқ киім саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, біріккен кәсіпорындар ашу және көрмелер қызметінде тәжірибе алмасу мәселелері болды.

    Кездесу басында Қытай делегациясына еліміздің былғары өнеркәсібінің өндірістік, инвестициялық және экспорттық әлеуеті туралы тұсаукесер өткізілді. Шетелдік брендтерді тарту бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді

    Донггуан сауданы дамыту бірлестігіне мүше 10-нан астам компаниялар «UzCharmExpo-Eurasia-2023» халықаралық көрмесі аясында жергілікті кәсіпкерлермен B2B диалогтарын жүргізді. Онда елімізде жасанды былғары өндіруге бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әтір-опа бұйыдарын «Аутсорсинг» негізінде Өзбекстанда өнім өндіру, былғары өнімдерін өндіруде қажетті химиялық заттарды жеткізу мәселелері жан-жақты қарастырылады.

    Кездесуде «Dongguan Shenfeng New Material» және «Guandong Shenfeng Eco Technology» компанияларының басшылары өзбекстандық кәсіпкерлерімен жасанды былғары өндірісі бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Компания басшыларының пікіріне орай бүгінде Өзбекстанда бұл түрдегі өнімдерді өндіруге талап жоғары. Қолайлы логистика және айналасындағы үлкен базарлар өнім экспортын одан әрі кеңейтуге қызмет етеді.

    «UzCharmExpo-Eurasia-2023» XV- былғары, былғары аяқ киім, әтір-опа, елтірі, жүн және жергіліктендірілген өнімдер халықаралық көрмесі аясында ынтымақтастықты кеңейтуде алғашқы келісімдерге қол жеткізілуі белгіленді, деп хабарлайды «Ўзчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.