Қытай компаниясы Өзбекстанға күн фотоэлектр станцияларын салады

    Энергия 16 Fevral 2023 1643

    Қытай компаниясымен Өзбекстанда жалпы қуаты 2000 МВт болған күн фотоэлектр станцияларын салу бойынша өзара түсіністік меморандумға қол қойылды.

    Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі басшылығындағы делегация мүшелерінің Қытай Халық Республикасына іссапары аясында 15 февраль күні Қашқадария, Бұхара мен Самарқант облыстарында жалпы қуаты 2000 МВт болған күн фотоэлектр станцияларын құру бойынша «CEEC ENERGY CHINA» компаниясымен өзара түсіністік меморандумға қол қойылды.

    Айта кетерлігі, осы меморандум аясында Қытай компаниясы елімізге 2 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция әкеледі.

    Бұл күн фотоэлектр станцияларының алғашқы қуаттары ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда, ал станциялар 2024 жылы толық қуатта жұмыс істей бастайды.

    Мұның нәтижесінде жылына 5,2 миллиард кВт/сағ электр энергиясы өндіріліп, 1,4 миллиард текше метр табиғи газ үнемделеді.

    Тараптар осы ірі жобалардың болашағы мен қысқа мерзімде станциялардың құрылысын тезірек жеделдету жөнінде келісті.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates